Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
Университетіміздің Академиялық істер департаментінің қолдауымен Coursera халықаралық білім беру платформасының Қазақстандағы ресми және эксклюзивті серіктесі — BMG UpSkill компаниясының 8 қыркүйектегі мәліметі бойынша университетіміз Coursera жобасын іске асырудың негізгі көрсеткіштері жөнінен еліміздің жоғары оқу орындары арасында үздік нәтижелерге қол жеткізді. Жобаға Қазақстанның 100 жоғары оқу орны қатысуда.
Нәтижесінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттерді Coursera платформасына қосу деңгейі бойынша ТОП-10, 248,33% көрсеткішпен – 4-орыннан көрінді. Ал, кемінде бір курсты аяқтаған студенттердің үлесі бойынша ТОП-10: 202,67% көрсеткішпен – 5-орын.
Бұл жетістік – университетімізде цифрлық білім беру мүмкіндіктерінің тиімді пайдаланылып, білім алушылардың қосымша білім алуға және кәсіби құзыреттерін дамытуға белсенді қатысып отырғанының айқын көрінісі. Алдағы уақытта да сапалы білім мен үздіксіз дамуға бағытталған жұмыстар жалғасын таппақ. Осы нәтижеге үлес қосқан білім алушыларымыз бен оқытушыларымызға алғыс білдіреміз!
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!