20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Биыл 2026–2027 оқу жылына докторантураның білім беру бағдарламаларына қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша 20 жас ғалым Ректор грантының иегері атанды. Ректор гранты – ғылыми ізденіске ұмтылған, жоғары дайындық деңгейін көрсеткен және ғылым жолында өзін дамытуға ниетті жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Грант иегерлерімен Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев арнайы кездесіп, жас ғалымдарды айтулы жетістіктерімен құттықтады. Кездесу барысында докторанттардың ғылыми-зерттеу бағыттары, алдағы мақсаттары мен университеттің жас ғалымдарды қолдауға бағытталған мүмкіндіктері сөз болды.
— Бұл грант – сіздердің білімдеріңіз бен ғылыми ізденістеріңізге көрсетілген қолдау ғана емес, сонымен қатар болашақта отандық ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосады деген зор сенімнің белгісі, — деді Ректор.
Жаңа оқу жылында университет басшылығы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға, жаңа идеялары мен бастамаларын қолдауға және сапалы зерттеу жүргізуіне қолайлы академиялық орта қалыптастыруға басымдық беруде. Ректор грантының иегерлері алдағы уақытта өздерінің ғылыми зерттеулерін жалғастырып, өзекті мәселелерді зерделеуге, сапалы ғылыми еңбектер жариялауға және зерттеу нәтижелерін отандық әрі халықаралық ғылыми ортада танытуға мүмкіндік алмақ. Кездесуде сондай-ақ, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков докторантурада оқудың талаптары мен ережелерімен таныстырды.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!