ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫН ДАМЫТУ: ОҚПУ — UNIFUND ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ АЛТЫ ЖОО-НЫҢ БІРІ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясындағы “University Endowment Fund Development in Kazakhstan” (UNIFUND) жобасына қатысушы Қазақстанның алты жоғары оқу орнының бірі атанды. UNIFUND — Қазақстандағы жоғары оқу орындарының эндаумент қорларын дамытуға, қаржылық тұрақтылығын арттыруға және университеттердің қосымша қаржыландыру көздерін қалыптастыруға бағытталған ауқымды халықаралық жоба.
Жобаға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен қатар, Еуропаның беделді университеттері, мемлекеттік және қоғамдық институттар қатысуда. Жобаның грантхолдері — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Еліміз бойынша жобаға қатысып отырған алты жоғары оқу орнының қатарында болу университетіміздің халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи басқару және қаржыландыру тетіктерін енгізуге бағытталған жұмыстарының нәтижесін көрсетеді. Шара аясында университеттер арасында тәжірибе алмасу, эндаумент қорларын дамыту, олардың қызметін жетілдіру және халықаралық тәжірибені қазақстандық жоғары білім беру жүйесіне енгізу бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Университетте эндаумент қорын құру бастамасы бұған дейін де көтеріліп, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілген болатын. Университет ректоры Қайрат Балабиевтің бастамасымен Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, эндаумент қорын қалыптастырудың мүмкіндіктері, оны басқару тетіктері және университеттің тұрақты дамуына бағытталған әлеуеті зерделенді. Бұл қадам оқу орнының ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, білім алушылар мен ғылыми жобаларды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бастама. Бүгінде аталған бастаманың халықаралық UNIFUND жобасымен сабақтасуы университеттің эндаумент қорын дамыту бағытындағы жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!