Zhanibekov university logo

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

23 Қазан 2026, 17:58
Медиа Орталық

Бүгін университетте 25 қазан — Республика күніне орай «Еңсесі биік егемен елім» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып кіру рәсімімен және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Концерт барысында патриоттық поэзиялық қойылымдар мен отаншылдық рухтағы музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шара аясында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Рахымұлы Балабиев құттықтау сөз сөйлеп, ел тәуелсіздігінің маңыздылығына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және білім мен ғылым саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне тоқталды.

Мерекелік концерт барысында университет қызметкерлерін марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды. Еселі еңбек еткен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы және Шымкент қаласы әкімдіктерінің марапаттары мен алғыс хаттары, сондай-ақ салалық медальдар табысталды.

Концерттік бағдарламада «Жұмақ мекен», «Тау ішінде», «Алға, қазағым!», «Қанекей, тілім, сөйлеші», «Ақ бұлақ», «Шым қала» және «Өз елім» әндері шырқалды. Өнерпаздар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекенің мазмұнын байыта түсті.

Осыған ұқсас

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

23 Қазан 2026, 11:03
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ

22 Қазан 2026, 16:06
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

5 Қазан 2026, 18:41