Zhanibekov university logo

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

23 Қазан 2026, 13:00
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының доценті м.а. педагогика ғылымдарының кандидаты Қалия Қиясова «Толық адам – саналы, білімді, жауапты тұлға» тақырыбында жастарға ашық дәріс өтті.

Дәрістің негізгі мақсаты — толық адам ұғымының мәнін түсіндіру және оның күнделікті өмірмен байланысын көрсету. Қазақ философиясы мен әдебиетінде толық адам мәселесін терең қарастырған ойшылдардың бірі — Абай Құнанбайұлы.

Абайдың көзқарасы бойынша, адамның кемелденуі үшін ақыл, қайрат және жүрек бірлікте болуы қажет. Абай идеясының негізгі мәні — осы үш қасиеттің үйлесімін қалыптастыру. Дәрісте жастар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айтты. Толық адам болу үшін білім мен жауапкершіліктен бөлек, адамның бойында адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік сияқты берік құндылықтар болуы қажет. Өйткені, құндылықтар — адамның өмірдегі таңдауына, көзқарасына және мінез-құлқына бағыт беретін қағидалар. Олар адамның қандай әрекетті дұрыс, ал қандай әрекетті бұрыс деп қабылдайтынына әсер етеді.

Сабақ соңында «Бүгінгі тақырыптан қандай жаңа ой түйдік? Толық адамға тән қасиеттердің қайсысы біз үшін ерекше маңызды? Өзімізді дамыту үшін қандай нақты қадам жасай аламыз?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ көңілді жастардың Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындауымен аяқталды.

Осыған ұқсас