Zhanibekov university logo

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ: АДАМИ КАПИТАЛ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ

22 Қазан 2026, 16:06
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Тәуелсіздікке 35 жыл: адами капитал – ел дамуының басты ресурсы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Ғылыми жиынның мақсаты Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызын зерделеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, адами капиталды дамыту мәселелерін талқылау және отандық әрі шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға арналды.

 

Конференцияның пленарлық мәжілісінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасап, ел дамуының стратегиялық бағыттары, ұлттық идеология, тарихи сана, тіл, мәдени мұра және адами капиталдың маңызы жөнінде ой бөлісті. Алғашқы сөзді модератор, университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден Қазақстанның ұлттық идеологиясының жобасы туралы баяндама оқып, қоғамдық сананы ізгілендіруге бағытталған келелі ойларын ортаға салды. Мемлекет және қоғам қайраткері, журналист-публицист, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI, VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп «Қазақстанның ұлттық идеологиясының жобасы» тақырыбында ұлттық идеологияның қоғамды біріктірудегі, елдік сананы нығайтудағы және ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызына тоқталды.

 

Ал, Гази университетінің аға оқытушысы, философия докторы Майде Йылмаз «Ортақ мұрадан ортақ болашаққа: Қазақстан Республика күні мерекесін атап өту» тақырыбын, Польшадағы Адам Мицкевич университеті Тарих факультетінің Шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының PhD докторы Магдалена Лахович «ХХІ ғасырдағы Польша ынтымақтастық саясатындағы Қазақстан: сын-қатерлер мен тәжірибе» тақырыбын талқылады. Қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Бекет Тұрғараұлы Тұрғараев «Ел өмірінің елеулі 35 жылдығы» тақырыбында ой қозғаса, университеттің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Қашқынқызы Исабек «Тәуелсіздік – ата-баба аманаты, ұрпақ жауапкершілігі» атты баяндамасында тәуелсіздіктің тарихи мәні мен оны келер ұрпаққа аманат ету жауапкершілігіне тоқталды. Басқа да ғалымдар тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму жолы, ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу, мемлекеттік тілдің ғылыми әлеуетін арттыру және заманауи білім мен ғылымды дамыту мәселелерін кеңінен қамтыды.

 

Ғылыми жиын отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісуіне және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған конференцияның мазмұны ел болашағын қалыптастырудағы адами капиталдың, ұлттық құндылықтардың және сапалы білім мен ғылымның маңызын айқындады.

 

Аталған жоба мемлекет және қоғам қайраткері, академик, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, университет Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбденовтің идеясымен ұйымдастырылды.

Осыған ұқсас

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

«ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕН ЕЛІМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

23 Қазан 2026, 17:58
«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

«ТОЛЫҚ АДАМ – САНАЛЫ, БІЛІМДІ, ЖАУАПТЫ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРҒА АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

23 Қазан 2026, 13:00
«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

23 Қазан 2026, 11:03
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026

19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»

16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

5 Қазан 2026, 18:41