ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҮРГЕНІШ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ
Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институты мен Жәнібеков университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды қадам екі оқу орны арасындағы білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.
Меморандумның негізгі мақсаты қандай?
Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық алмасуын жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және мәдени-тарихи іс-шараларды бірлесе жүзеге асыру.
Осы арқылы екі тарап та білім беру жүйесін жаңғырту және ғылыми салада тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Үргеніш мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Абдуллаев Диержон Нодиржон угли ынтымақтастықтың екі тарапқа да үлкен мүмкіндіктер беретініне сенім білдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен жоғары білім саласындағы үздік тәжірибелерді біріктіру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, ол профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылармен өткізген қонақ дәрісінде тамырлас халықтардың тарихын бірлесе зерттеу мәселелеріне тоқталып, білімді жастарды да осы жолда күш біріктіруге шақырды. Екі ел басшылары тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдауды ерекше атап өтті.
Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ