ТАҒДЫРЫ – ТАҒЫЛЫМ, ӨМІРІ – ЕРЛІК, ҰСТАЗДЫҒЫ – ӨНЕГЕ
Бүгін оқу ордамызда КСРО халық мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері болған Құмаш Нұрғалиевке арналған тағылымды кездесу өтті.
Құмаш Нұрғалиев — өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының өзінде-ақ ауыл мектебінде спутниктік жүйеде «қашықтан оқыту» идеясын жүзеге асырды. Әрбір сыныптың радиосы, теледидарлық және телефондық нүктелері болды.
Бұл әкімшіліктің мұғалімдермен және оқушылармен үнемі байланыста болуына, кез-келген сабақта бейнефильмдерді пайдалануына мүмкіндік берді.
Кездесуге ұстаздың ұрпағы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық ақпараттандыру орталығының» экс-президенті Гүл Құмашқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сақыпжамал Ұзақбаева қатысып, мазмұнды естеліктерімен бөлісті. Университет медиаорталығы ұсынған арнайы бейнеролик назарға ұсынылды.
Сондай-ақ, шара аясында ұйымдастырылған «Құмаштың ерлігі» озық тәрбие сағаты, «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев» эссе-байқауы мен жас ақындар мүшәйрасының, білім беруді ақпараттандырудың озық үлгілері бойынша студенттердің жоба жұмыстарының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Кездесу қонақтарына университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева «Құрметті профессор» атағын табыс етті. Тарихи тағылымы зор шараны тарих және педагогика факультеті ұйымдастырды.
Фото Береке Сейітжаппар
Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ