МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да
ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Жалпы
білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған
"Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәндік-кәсіби құзыреттіліктерін
дамыту" атты біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
Курстың ашылу салтанатына университеттің
Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айнаш Құдышева
қатысып, тыңдаушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ бұл бастаманың маңыздылығына
тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін
арттыру – сапалы білім берудің негізгі шарттарының бірі.
Аталған курсқа Түркістан облысы мен
Шымкент қаласының мектептерінен 17 мұғалім қатысуда. Тыңдаушылардың
біліктілігін жетілдіру мақсатында дайындалған бағдарлама Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығына сәйкес әзірленіп, министрлік тарапынан
бекітілген.
Курс барысында қатысушылар
пәндік-әдістемелік білімдерін тереңдетіп, жаңа форматтағы сабақ жүргізу
тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, шетел тілін оқытуда қолданылатын заманауи
педагогикалық технологиялар мен тиімді оқыту стратегияларына ерекше назар
аударылады.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға ҚР
Оқу-ағарту министрлігінің №95 бұйрығы негізінде арнайы сертификаттар
табысталатын болады.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!