ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?
Zhanibekov University-де
шетелдік ғылыми тағылымдамалар туралы ақпараттық брифинг өтті.
Брифингтің мақсаты –
• Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
• Үміткерлерді іріктеу және конкурсқа қатысу талаптары мен қағидаларын
түсіндіру;
• Шетелдік білім алудың қолжетімді мүмкіндіктерін таныстыру.
Спикерлер:
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ашкин
Арман және Құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Дина Омарова.
Олар «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасына
енгізілген жаңа өзгерістер туралы толық ақпарат берді.
🇰🇿 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына
сәйкес, озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалым
әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Брифинг барысында бағдарлама талаптары,
квоталық санаттар және қажетті құжаттар тізімі жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушылар «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өкілдерінен практикалық кеңес
алып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ