КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
25 October 2024, 12:00
Медиа Орталық
Бүгін ұлттық мереке Республика күніне орай елімізде бір мезетте көк туымызды көтеру рәсімі өтті. Тәуелсіздігіміздің нышаны мемлекеттік туымыз асқақты Әнұранымызбен көкке көтерілді. Шымкент қаласында байрағымыз «Шымкент сити» шағынауданында бой көтерген жаңа тутұғырда желбіреді.
Бұл сәт еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптейтін маңызды іс-шара ретінде халық жадында сақталады.
Мемлекеттік туымыздың ашық көк түсі бейбітшілік пен ашық аспанды, елдің тұтастығы мен болашаққа деген сенімді білдіреді. Тудың ортасындағы алтын күн мен қыран бейнесі халқымыздың еркіндікке, жаңаруға және жарқын болашаққа ұмтылысын көрсетеді. Бұл бейнелер біздің болмысымыздың терең мәнін ашады, ұлттық мақтаныш сезімін арттырады.
Бұл мерекелік шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қоғам қайраткерлері, және еліміздің болашағын қалыптастыратын жас буын да қатысты. Көкке көтерілген туымыздың бейнесі олар үшін мақтаныштың, еркіндіктің, елімізді сүюдің символына айналды.
Мемлекеттік рәміздеріміздің мәні мен маңызын түсіну әрбір қазақстандық үшін үлкен парыз. Көк туымыз тек қана мақтаныш көзі емес, елімізге деген сүйіспеншілік пен бірлік рухының белгісі болып қала бермек.
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
12 October 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 October 2026, 10:30
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
7 October 2026, 16:21
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
6 October 2026, 14:28
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
5 October 2026, 18:41
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
5 October 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 October 2026, 09:57
HONORING WORKING PEOPLE
2 October 2026, 16:10
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ
1 October 2026, 17:12
ЖӘНІБЕКОВ СТУДЕНТІ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
1 October 2026, 15:14