АКАДЕМИЯЛЫҚ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН БАСТАДЫ
8 October 2024, 17:57
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Академиялық істер департаментінің жұмыс тобы оқытушы-профессорлар құрамына оқыту семинарын бастады. Семинар Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің және Финляндияның 2 жоғары оқу орнының қатысумен әзірленген педагогикалық білім беру моделі және 8 инновациялық білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізуге арналған.
«Шараның мақсаты силлабус әзірлеу кезіндегі басты элементтерді қорытындылау, барлық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде оқытуға орталықтануға жәрдемдесетін әдістемелерді нақтылау болып табылады» дейді Оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Есентөреева.
Семинар барысында жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша тренерлер Дәулетбек Бердалиев пен Қарлығаш Қоразбекова инновациялық бағдарламалардың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасының құзыреттілік әдісі, конструктивті (сындарлы) келісім, студенттерге бағдарланған және белсенді оқытуды қолдайтын әдістер, зерттеуге негізделген оқыту, пәнаралық оқыту, инклюзия, педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару сынды негізгі қағидалары жайлы пікірлер айтылды.
Академиялық істер департаментінің жетекшілігімен инновациялық білім беру бағдарламаларымен оқитын топ студенттері мен оқытушылар арасында тығыз жұмыстар атқарылуда.
Similar
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ADMITTED TO ACADEMIC INTEGRITY LEAGUE
12 October 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 October 2026, 10:30
FAIR OF ORGANIZATIONS AND CLUBS HELD
7 October 2026, 16:21
PROFESSOR FROM UNIVERSITI MALAYSIA SABAH DELIVERS LECTURE
6 October 2026, 14:28
HIGHER EDUCATION WORKERS HONORED
5 October 2026, 18:41
NEW STUDENT CANTEEN OPENS IN THE NEW BUILDING
5 October 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 October 2026, 09:57
HONORING WORKING PEOPLE
2 October 2026, 16:10
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ
1 October 2026, 17:12
ЖӘНІБЕКОВ СТУДЕНТІ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!
1 October 2026, 15:14