Zhanibekov university logo

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Медиа Орталық

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған Білім күні салтанатты түрде аталып өтті. Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ сарайында» өткен мерекелік шара медиаорталық әзірлеген «Рух сардары – Өзбекәлі Жәнібек» бейнеролигімен басталып, «Тұмар» би ансамблінің өнерімен жалғасты. Оқу орнының түлегі, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, “Айтыс” үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапия домбырамен арнау орындап, жастар рухын жырмен көтерді.

 

Биыл жаңа оқу жылында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша барлығы 2439 талапкер студент атанды. Оның ішінде 529 талапкер мемлекеттік білім беру грантына, 88 талапкер Шымкент қаласы әкімінің білім беру грантына, 97 талапкер университет Ректорының білім беру грантына, 76 талапкер Гази филиалының мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Ал, магистратураға 290, докторантураға 55 талапкер қабылданды. Докторантураға қабылданғандардың 20-сы – Ректор грантының иегері. Сонымен қатар университет жанындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы көпсалалы колледжге 177 білім алушы қабылданды.

 

Биылғы талапкерлер қатарында «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және спорт шеберлігіне үміткерлер бар.

Салтанатты шара барысында университет Ректорының грантын және Шымкент қаласы әкімінің грантын жеңіп алған білім алушылар марапатталды. Сондай-ақ жаңа студенттерге Алтын кілт пен студенттік билеттер табысталып, ант беру рәсімі өтті.

— ҰБТ-да 103 балл жинадым, бірақ мемлекеттік грант бұйырмады. Құжаттарымды Жәнібеков университетіне тапсырып, Ректор грантының иегері атандым. Бұған отбасыммен шексіз қуандық. Енді тек сапалы білім алып, үмітті ақтау парызым, — дейді Ректор грантының иегері, жаратылыстану факультетінің биылғы 1-курс студенті Нұрислам Мәдібек.

 

Мерекелік жиын аясында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Рахымұлы Балабиев білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңызын атап өтті. Қазақстан Ғалымдар одағының Президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы, академик Оразалы Сәбден «Әлем, Абай және жасанды интеллект жолы» тақырыбында баяндама жасады. Мерекелік бағдарлама өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасты. Сахна төрінде «The PHANTOM of the OPERA», «Дархан дала», «Сүгірдің термесі», «Отырардағы той», «Арқалықтың ақ таңы», «Молдабайдың әні» және «Рух сардары» әндері орындалды. Сонымен қатар «Ақбаян» студенттік сән театрының орындауындағы халықаралық дәрежедегі дизайнер Марат Ерімбетовтің «Томирис» коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды.

 

Білім күні құтты болсын!

 

 

Осыған ұқсас

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18
РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

25 Тамыз 2026, 17:02
ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

25 Тамыз 2026, 17:00
Корпоративтік хатшы қызметіне конкурс жариялаймыз!

Корпоративтік хатшы қызметіне конкурс жариялаймыз!

20 Тамыз 2026, 10:24
Комплаенс офицеріне конкурс жариялаймыз!

Комплаенс офицеріне конкурс жариялаймыз!

20 Тамыз 2026, 10:20
ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30