Zhanibekov university logo

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

22 Қазан 2026, 17:12
Медиа Орталық

 

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова келді. Университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев университеттің жаңадан пайдалануға берілген нысаны мен ғимараттың материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен, оқу аудиторияларымен және студенттерге арналған жағдайлармен таныстырды.

Қонаев көшесі, 198 мекенжайында орналасқан ғимарат жертөлені қоса есептегенде төрт қабаттан тұрады. Жалпы ауданы – 2 900 шаршы метр. Ғимаратта 21 оқу аудиториясы бар. Бір ауысымда шамамен 800 студентті қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнда филология факультетінің білім алушылары төрт білім беру бағдарламасы бойынша білім алады. Сонымен қатар студенттердің жайлылығы үшін заманауи асхана, медициналық пункт, кең әрі жарық фойе және қажетті қызметтік бөлмелер қарастырылған.

Сапар қорытындысында Гүлзат Көбенова университеттің оқу инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамалардың маңызын атап өтті. Жаңа оқу ғимаратының пайдалануға берілуі жоғары білім беру сапасын арттыруға, студенттерге заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да білім беру жүйесін жетілдіруге және оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға негіз болмақ.