Ибрагимов Раскул
1953жылы 15 майда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Бекабад ауданындағы Чанақ совхозында туған.
1959-1969 жылдарда Ж.Жабаев атындағы №18
орта мектепті ,1969-1973 жылдарда Ташкент облысы мемлекеттік педагогика
институтының жаратылыстану- математика
факультетінің математика бөлімін қызыл дипломмен бітірген.
1973-1975 жылдарда Бекабад ауданындағы
шеткі өлкедегі №55 сан Ш.Уәліханов
атындағы орта мектепте,1975-1977 жылдарда сол аудандағы №18 Ж.Жабаев атындағы
орта мектепте математика және физика
пәндерінен сабақ берді.
1977-1982жылдары Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс атқарған.
1982-1986 жылдары Ташкент облысы мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс атқарған.
1987-1992жылдардаТашкент
облысы мемлекеттік педагогика институтының
бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасы меңгерушісі болып
қызмет атқарды.
1993-1996
жылдары Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінің жалпы
педагогика кафедрасы жанындағы 13.00.01- жалпы педагогика, педагогика және
білім беру,этнопедагогика мамандығы
бойынша күндізгі докторантурасын бітірген.
1996-1999
жылдары Ташкент облысы мемлекеттік
педагогика институтының бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасы
меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1999-2001 жылдары Ташкент облысы мемлекеттік
педагогика институтында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы меңгерушісі , 2001-2003
жылдары жаңа педагогикалық технология және тәлімнің психологияның негіздері
кафедрасы меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2003-2005жылдары
Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің информатика және математика
кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс
атқарды.
2001 жылы «Бастауыш сынып оқушыларында
танымдық іс-әрекеттерді қалыптастырудың дидактикалық негіздері(математика
материалы негізінде)» атты докторлық диссертациясын педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Р.А.Мавлянованың ғылыми
кеңесшілігінде қорғап , педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесіне ие болады.
2005-2008
жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жоғары
математика кафедрасында доцент, профессор
м.а. болып қызмет етті.
2010-2012
жылдары Академиялық инновациялық
университетінде профессор міндетін атқарушы болып қызмет етті.
2008-2011 жылдары Халықаралық
қазақ –түрік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
беру жөніндегі Д.14.61.35 диссертациялық кеңесінің мүшесі болды .
2012-2014 жылдары Қазақстан Халықтар Достығы
Университетінде информатика және математика кафедрасының меңгерушісі, 2015-2016
жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде
инженер-техникалық факультеті деканы қызметтерін атқарды.
2017жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты физика-математика кафедрасының доценті, 2018 жылдан
қазіргі күнге дейін Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің математика
кафедрасында профессор қызметін атқарып
келеді.
2019-2021
жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы 6Д010900-Математика мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің мүшесі болды .
Р.Ибрагимов педагогтық жұмыстарын ғылыми
зерттеу жұмыстарымен үйлестіріп, 16
арнаулы курстар, 4 монография , 20дан
астам оқулықтар мен оқу құралдарын, 250 ден астам ғылыми мақалаларды баспада
жариялаған. Ол Өзбекстандағы бастауыш
сыныптар үшін шығарылған республикалық математика оқулықтарының авторларының
бірі . Оның басқа авторлармен бірлестікте шығарған бастауыш сыныптар үшін математика
оқулықтары қазіргі уақыттарда бірнеше рет қайта баспадан шығарылып бастауыш
мектептерде қолданылуда. Отбасылы,
отбасында екі ұлы мен екі қызы , немерелері бар